2015 жылғы 27 сәуірдегі, Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қызметтік жануарларды сатып алуды бекітілген нормалар бойынша тиісті жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде кезең-кезеңімен жүзеге асырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. ҚАСЫМОВ
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
___________ Б.Т. СҰЛТАНОВ
2015 жылғы « » ________
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №404 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын
қызметтік жануарлармен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөліністерін жылқылармен қамтамасыз ету
Р/с
№ Пайдалану тобының атауы Жеке құрамның 10 адамы есебінен жылқы басының саны
1. Мінуге арналған жылқы 1 10
2. Жүк арту жылқысы 2 14
3. Жегетін жылқы 3 14
Ескертпелер:
1мінуге арналған жылқы - ерттеп мініп жұмыста пайдаланылатын жылқы.
2жүк арту жылқысы - арқасында жүк тасымалдау үшін пайдаланылатын жылқы.
3жегетін жылқы - жүктерді, жеке құрамды қызмет атқару орнына арбамен жеткізу үшін пайдаланылатын жылқы.
4жылқыларға қажетті мұқтаждықты есептеу үшін адам саны жылқылармен қамтамасыз етілетін бөлімшенің штат санынан алынады, бұл ретте толық емес ондықтарды дөңгелектеу арттыру жағына қарай жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелерін жылқыларды өсіру бойынша қамтамасыз ету
Р/с № Объектілердің (бөлімнің, бөлімшенің) атауы Өлшем бірлігі Тұқымдық айғырлар Биелер (аналық бас) Құлындар Жұмыс жылқылары
1
жас 2
жас 3
жас 4
жас Мінетін Жегетін
1 Оқу-жаттығу - жөндеу кавалерлік бөлімше бас 6 60 60 60 60 60 6 6
2 Жылқылардың өнімін молайту жөніндегі бөлімше (питомник) бас 1 10 10 10 10 10 1 1
Қазақстан Республикасы Ұлтық ұланының бөлімшелерін қызметтік иттермен қамтамасыз ету
Р/с № Күзет объектілерінің (бөлімнің, бөлімшенің) атауы
және олардың
сипаттамасы Өлшем бірлігі Иттер санаты
Іздеуші Патрульдік-іздеуші Қарауылдық Есірткі іздеуші Мина іздеуші Шабуылдаушы Іздеуші-құтқарушы Асыл тұқымды Күшіктер Жөндеудегі
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
1) маңызды мемлекеттік объектілерді күзету жөніндегі әскери бөлімдер (бөлімшелер):
1. Тәуліктік күзеті бар тұрақты объект бірлік 2 3 1 - 2 - - - - -
2. Тәуліктік күзеті бар тұрақты объектінің көлікті өткізу жөніндегі бақылау-өткізу пункті бірлік - 3 - - 2 - - - - -
2) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету
жөніндегі әскери бөлімдер (бөлімшелер):
3. Тәуліктік күзеті бар тұрақты өндірістік объект бірлік 2 4 8 1 - - - - - -
4. Жеке тұрақты өндірістік объект, бір ауысымда жұмыс істейтін тұрақты құрылыс және уақытша объект бірлік - 3 6 - - - - - - -
5. Алғашқы 1-2 және кейінгі әрбір үшінші қысқа мерзімді объекті бірлік - 1 1 - - - - - - -
6. Тәуліктік күзеті бар тұрақты объектінің көлікті өткізу жөніндегі бақылау-өткізу пункті бірлік - 3 - - - - - - - -
7. Сотталғандарды, нашақорлыққа шалдыққандарды емдеуді (ұстауды) жүзеге асыратын қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі бірлік - - - 1 - - - - - -
8. Объектіні тәуліктік күзетуді жүзеге асыратын бөлімшенің із кесу тобы бірлік - 1 - - - - - - - -
3) айдауылдау жөніндегі әскери бөлімдер (бөлімшелер):
9. Айына қарсы қарауылды тағайындаған кездегі айырбастау пункті:
1) 10-ға дейін бірлік - 1 - - - - - - - -
2) 15-ке дейін бірлік 1 1 - - - - - - - -
3) 20-ға дейін бірлік 1 2 - - - - - - - -
4) 20-дан астам бірлік 1 3 - - - - - - - -
10. Сотталғандарды және қамауға алынған адамдарды сот отырыстарына, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне айдауылды жүзеге асыратын бөлімше бірлік 1 1 - - - - - - - -
4) арнайы моторландырылған әскери бөлімдер (бөлімшелер) және
жедел мақсаттағы әскери бөлімдер (бөлімшелер):
11. Жедел мақсаттағы батальон бірлік 1 4 - - - - - - - -
12. Жедел мақсаттағы бөлімнің (бөлімшенің) әскери жедел резерві бірлік - - - 1 1 - - - - -
5) арнайы мақсаттағы әскери бөлімдер (бөлімшелер):
13. Арнайы мақсаттағы жасақ бірлік 1 - - 1 1 3 - - - -
14. Арнайы мақсаттағы топ бірлік 1 - - - 1 1 - - - -
6) төтенше жағдайларды жою жөніндегі Азаматтық қорғаныс бөлімдері (бөлімшелер):
15. Құтқару құралымдары кинология қызметінің бөлімшесі (есептоптары) бірлік 1 - - - 1 - 4 - - -
7) оқу орталығы (орны), қызметтік тұқымды иттерді өсіру және көбейту жөніндегі питомник:
16. Кинология қызметінің мамандарын даярлау жөніндегі оқу взводы (тобы) бірлік 1 - - - - - - - - 1 кур-сант-қа
17. Қызметтік тұқымды иттерді өсіру және көбейту питомнигі (асыл тұқымды иттері бар бөлімше), мынадай есеппен:
1) екі асыл тұқымды итке бірлік - - - - - - - - 10 8
2) он асыл тұқымды итке бірлік - - - - - - - - 30 25
3) жиырма асыл тұқымды итке бірлік - - - - - - - - 60 50
4) қырық бес асыл тұқымды итке бірлік - - - - - - - - 90 76
Ескертпе:
1. Бір кинолог-маманға бір қызметтік ит бекітіліп беріледі, ерекшелікті мыналар құрайды:
1) қарауылдық иттер – бір кинолог-маманға үш итке дейін бекітіліп беріледі;
2) есірткі іздеуші иттер – оларды қолдана отырып орындалатын қызметтік міндеттер болмашы көлемде болған кезде негізгі қызметтік мақсаты бойынша пайдаланылатын бекітілген қызметтік иті бар бөлімшенің бір кинолог-маманына бекітіліп беріледі;
3) қызметтік тұқымды иттерді өсіру және көбейту жөніндегі питомникте асыл тұқымды иттер мен күшіктерді (штат санында асыл тұқымды иттер бар бөлімшелерде) қызметтік жүктемені тең бөлуді қамтамасыз ету есебінен бір кинолог-маманға бекітіліп беріледі.
2. Оқу орталықтарындағы даярлау (қайта даярлау) курстарына кинолог-мамандар бекітіліп берілген қызметтік иттермен жіберіледі. Қажет болған жағдайда курсанттарға оқу орталығының иттері бекітіледі
3. Қызметтік иттердің шекті жасы 8 жыл 3 ай болып табылады, одан кейін оның бұдан әрі жұмысқа жарамдылығын арнайы комиссия айқындайды. Шекті жасқа толғаннан кейін қызметтік иттер қызметтік мақсаттарда пайдалануы бойынша басқа немесе белгіленген қызмет мерзімі өткеннен кейін денсаулық жағдайына, кемістігіне және кемтарлығына байланысты жұмыс қабілетін жоғалтуы салдарынан қызметтік мақсатта пайдалануға жарамсыз санатқа ауыстырылады, одан кейін есептен шығарылады.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 6 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11270 болып енгізілді.